Қазгидромет 19, 20, 21 қыркүйекке арналған ауа райы болжамын жариялады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Алдағы үш тәулікте Қазақстан аумағында ауа райы біртіндеп тұрақтала бастайды. Республиканың солтүстік-батысында, кейін солтүстігінде жауын-шашын біртіндеп тоқтап, ауа температурасы көтеріледі. Ал еліміздің батысында жауын-шашынсыз ауа райы сақталады.
Қазақстанның оңтүстігі мен оңтүстік-шығысының кейбір жерлерінде найзағай ойнап, аз уақыт жаңбыр жауады, жел күшейеді. Таулы жерлерде кейбір уақытта қатты жаңбыр болжанып отыр.
Күндіз солтүстікте ауа температурасы +17…+25 градус болса, орталық пен батыс өңірлерде +20…+28 градусқа дейін, оңтүстік пен оңтүстік-шығыста +27…+32 градусқа дейін көтеріледі.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!