Демалыс күндері ауа райы қандай болады?

Демалыс күндері ауа райы қандай болады?
Фото: depositphotos.com

Қазгидромет 19, 20, 21 қыркүйекке арналған ауа райы болжамын жариялады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Қай өңірлерде жаңбыр жауады?

Алдағы үш тәулікте Қазақстан аумағында ауа райы біртіндеп тұрақтала бастайды. Республиканың солтүстік-батысында, кейін солтүстігінде жауын-шашын біртіндеп тоқтап, ауа температурасы көтеріледі. Ал еліміздің батысында жауын-шашынсыз ауа райы сақталады.

Қазақстанның оңтүстігі мен оңтүстік-шығысының кейбір жерлерінде найзағай ойнап, аз уақыт жаңбыр жауады, жел күшейеді. Таулы жерлерде кейбір уақытта қатты жаңбыр болжанып отыр.

Ауа температурасы

Күндіз солтүстікте ауа температурасы +17…+25 градус болса, орталық пен батыс өңірлерде +20…+28 градусқа дейін, оңтүстік пен оңтүстік-шығыста +27…+32 градусқа дейін көтеріледі.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget