Қазгидромет 12, 13, 14 қыркүйекке арналған ауа райы болжамын жариялады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Алдағы демалыс күндері Қазақстанның басым бөлігіне циклон және атмосфералық фронттар әсер етеді. Ел аумағында ауа райы тұрақсыз болады: жаңбыр жауып, кейбір жерлерде найзағай ойнайды, жел күшейеді.
Қазақстанның оңтүстігінде әзірге жылы ауа райы сақталады. Ал солтүстік өңірлерде ауа температурасы айтарлықтай төмендеп, жаңбыр жауады, кейбір жерлерде қатты жаңбыр болжанып отыр.
Сонымен қатар, еліміздің батысында ауа райы біртіндеп тұрақталады. Жаңбыр тоқтап, ауа температурасы жоғарылай бастайды.
Солтүстікте күндізгі ауа температурасы +13+20 градусқа дейін, орталық өңірлерде +15+25 градусқа дейін төмендейді.
Батыс өңірлерде ауа температурасы біртіндеп +20+30 градусқа дейін жоғарылайды.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз
Ж. Қадыржанова