Демалыс күндері ауа райы қандай болады?

Қазгидромет 5, 6, 7 қыркүйекке арналған ауа райы болжамын жариялады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Алдағы үш тәулікте Қазақстанның басым бөлігінде атмосфералық қысым жоғары болады. Осыған байланысты жауын-шашын жаумайды.

Батыста, оңтүстікте және оңтүстік-шығыста атмосфералық фронттар әсерінен кейбір жерлерде найзағай ойнап, аз уақыт жаңбыр жауып, жел күшеюі мүмкін.

Елдің басым бөлігінде жаздағыдай жылы күндер болжанып отыр. Алайда шығыста, оңтүстік-шығыстың таулы жерлерінде түнде салқын болады.

Күндіз ауа температурасы:

  • батыста, солтүстікте, орталықта +25…+33 градус;
  • шығыста +20…+25 градус;
  • оңтүстікте +28…+37 градус;
  • оңтүстік-шығыста +20…+30 градус, таулы және тау бөктеріндегі аудандарда +10…+20 градус болады.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!