Қазгидромет 5, 6, 7 қыркүйекке арналған ауа райы болжамын жариялады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Алдағы үш тәулікте Қазақстанның басым бөлігінде атмосфералық қысым жоғары болады. Осыған байланысты жауын-шашын жаумайды.
Батыста, оңтүстікте және оңтүстік-шығыста атмосфералық фронттар әсерінен кейбір жерлерде найзағай ойнап, аз уақыт жаңбыр жауып, жел күшеюі мүмкін.
Елдің басым бөлігінде жаздағыдай жылы күндер болжанып отыр. Алайда шығыста, оңтүстік-шығыстың таулы жерлерінде түнде салқын болады.
Күндіз ауа температурасы:
- батыста, солтүстікте, орталықта +25…+33 градус;
- шығыста +20…+25 градус;
- оңтүстікте +28…+37 градус;
- оңтүстік-шығыста +20…+30 градус, таулы және тау бөктеріндегі аудандарда +10…+20 градус болады.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова