Қазгидромет 15, 16, 17 тамызға арналған ауа райы болжамын жариялады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Атмосфералық фронттар өтуіне байланысты еліміздің басым бөлігінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, желдің екпіні күшейеді, бұршақ та жаууы мүмкін. Тек еліміздің батысында және Қызылорда облысында жауын-шашын жаумайды.
Батыста, солтүстік-батыста, солтүстікте және орталықта түнде, таңертең тұман түседі.
15 тамызда Қостанай облысында, 15-16 тамызда Солтүстік Қазақстан және Ақмола облыстарында, 16 тамызда Павлодар облысында қатты жаңбыр жаууы ықтимал.
Еліміздің батысында күндіз ауа температурасы 18-26 градустан 25-33 градусқа дейін көтеріледі. Ақтөбе облысында айтарлықтай өзгеріс болмайды, 20-30 градус жылы болады.
Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарында ауа температурасы төмендейді: түнде 15-20 градустан 7-12 градусқа дейін, күндіз 20-30 градустан 15-20 градусқа дейін жетеді.
Ақмола және Павлодар облыстарында түнгі ауа температурасы 15-20 градустан 10-15 градусқа дейін, күндізгі ауа температурасы 30-35 градустан 17-25 градусқа дейін төмендейді.
Еліміздің орталық және шығыс өңірлерінде аптап ыстықтың беті қайтады. Қазақстанның оңтүстігінде де күндізгі ауа температурасы 38-44 градустан 30-37 градусқа дейін төмендейді. Оңтүстік-шығыста күндіз ауа температурасы 30-36 градусқа дейін төмендейді.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!