Қазақстанда 8-10 тамыз аралығында ауа райы ыстық болады. Синоптиктердің болжамынша, еліміздің бірқатар өңірінде ауа температурасы +41 градусқа дейін көтеріледі, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"Қазгидромет" мәліметінше, Иран аумағынан ығысатын ауа массасы әсерінен елдің барлық өңірінде ауа температурасы жоғарылайды.
Солтүстік және шығыс облыстарда күндізгі ауа температурасы +35...+39 градусқа дейін жетсе, оңтүстік өңірлерде +35...+41 градусқа дейін аптап ыстық болады. Ал батыс пен орталық аймақтарда ауа температурасы +36...+41 градусқа дейін көтеріліп, кейбір жерлерде қатты ыстық болжанып отыр.
Сонымен қатар, елдің батысы мен солтүстік-батысында атмосфералық фронттар әсерінен жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, жел күшейеді. Кейбір аудандарда бұршақ та жаууы мүмкін.
Синоптиктер тұрғындарға аптап ыстық күндері далада ұзақ жүрмеуге, көбірек су ішуге және қауіпсіздік шараларын сақтауға кеңес берді.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова