Қазгидромет 25, 26, 27 шілдеге арналған ауа райы болжамын жариялады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Атлантикалық циклон Қазақстанның басым бөлігіне ықпал етеді. Соның әсерінен жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Шығыста қатты жаңбыр, бұршақ, дауыл, жел болжанып отыр. Тек еліміздің батысы мен солтүстік-батысында жауын-шашын жаумайды.
Сонымен қатар, Иран аумағынан ауа массасы ығысуына байланысты еліміздің басым бөлігінде қайта аптап ыстық болады. Батыс пен солтүстік-батыста күндіз ауа температурасы +38...+43 градус, солтүстікте +30...+35 градус, орталықта +28...+39 градус, оңтүстікте +36...+41 градус, оңтүстік-шығыста +29...+37 градус, ал солтүстік-шығыс пен шығыста +23...+32 градус аралығында болады.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!