Қазгидромет 4, 5, 6 шілдеге арналған ауа райы болжамын жариялады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Алдағы күндері Қазақстан аумағында циклон мен атмосфералық фронттар өтуіне байланысты ауа райы құбылмалы болады. Жаңбыр жауып, найзағай ойнайды.
Бүкіл кезең бойы республиканың солтүстігінде, 4 шілдеде солтүстік-батыста, 4-5 шілдеде оңтүстік-шығыс пен орталықта, 5-6 шілдеде шығыста қатты жаңбыр жауады. Республика бойынша жел күшейіп, бұршақ жауады.
Қазақстанның оңтүстігінде шаңды дауыл болжанып отыр, ал республиканың солтүстігінде түнгі, таңертеңгі уақытта тұман түседі.
Республиканың басым бөлігінде ауа температурасы біртіндеп жоғарылайды. 5-6 шілдеде күндіз батыс, орталық өңірлерде ауа температурасы +35…+39 градусқа дейін көтеріліп, қатты ыстық болады. Оңтүстік-батыста ауа температурасы +40 градусқа дейін, ал солтүстік-батыста +35 градусқа дейін жетеді. Шығыста +35…+37 градусқа дейін қатты ыстық сақталады.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!