Қазгидромет 27, 28, 29 маусымға арналған ауа райы болжамын жариялады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Жаңбыр, бұршақ жауады
Алдағы демалыс күндері циклон мен атмосфералық фронттар өтуіне байланысты еліміздің басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болады. Жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, жел күшейеді, кейбір жерлерде бұршақ та жаууы мүмкін.
Еліміздің батысында, солтүстік-батысында және солтүстігінде қатты жаңбыр жауады деп болжанып отыр.
Ауа температурасы
Батыс пен солтүстік-батыста күндізгі ауа температурасы +18...+26 градусқа дейін төмендейді. Оңтүстік өңірлерде аптап ыстық бәсеңдеп, ауа температурасы +28...+38 градус аралығында болады. Солтүстікте күндіз +22...+30 градусты көрсетеді.
Сонымен қатар, Қазақстанның шығысында, солтүстік-шығысында, оңтүстік-шығысында және орталық өңірлерінде ыстық болады. Күндіз ауа температурасы +33...+38 градусқа дейін көтеріліп, кейбір аудандарда +40 градусқа жетеді.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!
Ж. Қадыржанова