Қазгидромет 23, 24, 25 мамырға арналған ауа райы болжамын жариялады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Еліміздің солтүстігінде, оңтүстігінде және оңтүстік-батысында атмосфералық фронттар өтуіне байланысты ауа райы құбылмалы болады. Жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Шығыс өңірлерде түнде де жауын-шашын (жаңбыр мен қар) болжанып отыр.
23 мамырда Түркістан, Алматы және Жамбыл облыстарында қатты жаңбыр, бұршақ жауып, жел соғады. 24-25 мамырда оңтүстік-шығыстың таулы жерлерінде түнде жаңбырдың арты қарға ұласуы мүмкін.
Республиканың қалған жерлерінде жауын-шашын жаумайды. Қазақстан бойынша жел күшейеді, оңтүстікте шаңды дауыл соғуы ықтимал. Түнгі, таңғы уақытта тұман түседі.
Қазақстан бойынша күндізгі ауа температурасы біртіндеп жоғарылайды:
- батыста +28…+35 градусқа дейін,
- солтүстікте және орталықта +20…+32 градусқа дейін,
- шығыста +17…+25 градусқа дейін,
- оңтүстікте +22…+35 градусқа дейін,
- оңтүстік-шығыста +20…+28 градусқа дейін көтеріледі.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз
Ж. Қадыржанова