Қазгидромет 30 сәуір, 1, 2 мамырға арналған ауа райы болжамын жариялады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болады, жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. 30 сәуірде елдің оңтүстік-батысында, солтүстік-батысында, ал 2 мамырда оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында қатты жаңбыр жауады. Кей жерлерде бұршақ жауып, жел соғуы мүмкін.
30 сәуірде солтүстік, орталық өңірлерде, сондай-ақ, үш күн бойы шығыста жауын-шашынсыз ауа райы болжанып отыр. Қазақстанның оңтүстігінде шаңды дауыл тұрады.
Республика бойынша түнгі, таңғы уақытта тұман түседі.
Күндіз ауа температурасы біртіндеп көтеріледі:
- оңтүстік-батыста +17…+22 градусқа дейін;
- солтүстік-батыста +13…+25 градусқа дейін;
- шығыста +25…+32 градусқа дейін;
- оңтүстік-шығыста +25…+32 градусқа дейін.
Ал мына өңірлерде ауа температурасы төмендейді:
- батыста +10…+15 градусқа дейін;
- солтүстікте +12…+18 градусқа дейін;
- орталықта +15…+25 градусқа дейін;
- оңтүстікте +18…+23 градусқа дейін.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова