Демалыс күндері ауа райы қандай болады?

Демалыс күндері ауа райы қандай болады?
Фото: depositphotos.com

Қазгидромет 11, 12, 13 сәуірге арналған ауа райы болжамын жариялады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Алдағы күндері Қазақстанның басым бөлігінде циклондар мен антициклондар жиі алмасуына байланысты ауа райы тұрақсыз болады. Елдің батысында, оңтүстігінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Солтүстік-батыста, солтүстікте, шығыста және орталықта түнде жауын-шашын (жаңбыр, қар), күндіз жаңбыр болжанып отыр.

11 сәуірге қараған түні елдің шығысында қар, 11 сәуірде батысында қатты жаңбыр, бұршақ жауады. Қазақстан бойынша тұман түседі.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget