Демалыс күндері ауа райы қандай болады?

Қазгидромет 6, 7, 8 желтоқсанға арналған ауа райы болжамын жариялады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Жаңбыр, қар

Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы тұрақсыз болып, жаңбыр, қар жауады. Елдің солтүстік, шығыс және орталық өңірлерінде бұрқасын болады. Ел бойынша тұман түседі, көктайғақ та болжанып отыр.

Ауа температурасы

Апта аяғында республиканың батысына арктикалық антициклон ығысып, ол кейін ел аумағы арқылы өтеді. Осылайша ауа температурасы айтарлықтай төмендейді.

8 желтоқсанда солтүстік-батыста 5-13 градус аяз, солтүстікте 10-15 градус аяз болады.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!