• 500.67
  • 490.7
  • 6.04

Демалыс күндері ауа райы қандай болады?

Демалыс күндері ауа райы қандай болады?
Фото: depositphotos.com

Қазгидромет 29, 30, 31 наурызға арналған ауа райы болжамын ұсынды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Болжамға сәйкес алдағы күндері де кең ауқымды антициклон Қазақстанның солтүстік, шығыс, орталық өңірлеріне әсерін сақтайды. Бұл өңірлерде күн шуақты болады.

"Елдің батысында, оңтүстігінде фронтальды бөлімдер әсерінен ауа райы тұрақсыз болады, жаңбыр жауады, оңтүстіктің, оңтүстік-шығыстың таулы аймақтарында жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын жауады, сондай-ақ, тұман түсіп, жел күшейеді. Елдің оңтүстік-батысында шаңды дауыл тұрады", - деді синоптиктер.

Еске салайық, бұған дейін Қазгидромет 11 өңірдің тұрғындарына ескерту жасады. 

28 наурызда Көкшетау, Павлодар, Өскемен, Семей, Риддер, Орал, Атырау, Ақтөбе, Ақтау, Астана қалаларында, түнде Петропавл қаласында қолайсыз метеорологиялық жағдайға байланысты ауа ластанады.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget