Синоптиктер 15-17 наурыз аралығына арналған ауа райы болжамын жариялады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Алдағы күндері Қазақстандағы ауа райына екі қарама-қарсы атмосфералық процесс әсер етеді. Шығыс, орталық және солтүстік-шығыс аймақтарды қамтитын антициклон әсерінен жауын-шашын жаумайды.
Сонымен қатар, батыс, солтүстік және оңтүстік аймақтар солтүстік-батыс циклоны әсеріне ұшырайды, сондықтан жаңбыр мен қар жауады, жел күшейеді. Кейбір өңірлерді тұман түседі.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз