- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- ауа райы
Демалыс күндері ауа райы қандай болады?

Фото:
Tengrinews.kz/ Әлихан Сәриев
Синоптиктер 15-17 наурыз аралығына арналған ауа райы болжамын жариялады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Алдағы күндері Қазақстандағы ауа райына екі қарама-қарсы атмосфералық процесс әсер етеді. Шығыс, орталық және солтүстік-шығыс аймақтарды қамтитын антициклон әсерінен жауын-шашын жаумайды.
Сонымен қатар, батыс, солтүстік және оңтүстік аймақтар солтүстік-батыс циклоны әсеріне ұшырайды, сондықтан жаңбыр мен қар жауады, жел күшейеді. Кейбір өңірлерді тұман түседі.
- Қазақстанның батысында: түнде +2...+7°C, күндіз +12...+20°C.
- Қазақстанның солтүстігінде: түнде -1...-10°C-тан -3...-2°C-қа дейін, күндіз +1...+6°C-тан +5...+10°C-қа дейін.
- Қазақстанның шығысында: түнде -12...-22°C-тан -5...-12°C-қа дейін, күндіз -2...+6°C-тан +1...+8°C-қа дейін.
- Қазақстанның оңтүстігінде: түнде +2...+7°C, күндіз +13...+18°C-тан +18...+23°C-қа дейін.
- Оңтүстік-шығыста: түнде -2...+3°C, таулы аймақтарда -8...-13°C, күндіз +10...+15°C-тан +15...+20°C-қа дейін болады.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз
Ж. Қадыржанова