- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- ауа райы
Демалыс күндері ауа райы қандай болады?
![Демалыс күндері ауа райы қандай болады?](/userdata/news/news_124327/image_l.jpg)
Фото: Tengrinews.kz/ Әлихан Сәриев
Синоптиктер 25, 26, 27 қаңтарға арналған ауа райы болжамын жариялады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Қазақстан аумағында жоғары қысым әсерінен негізінен жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі, ал түнгі және таңғы уақытта тұман түседі деп болжанып отыр.
Елдің басым бөлігінде ауа температурасы біртіндеп көтеріледі: түнде 12-23, күндіз 5-13 градус аяз, ал оңтүстікте және оңтүстік-шығыста түнде 0-10 градус, таулы аймақтарда 13-18 градус аяз, күндіз 3-8 градус жылы, таулы аудандарда 0-5 градус аяз болады деп күтіліп отыр.
"Батыс өңірлерде түнде 7-17 градус аяз, күндіз 6 градус аяз бен 2 градус жылы аралығында күтіледі", - деп жазылған хабарламада.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!
Ж. Қадыржанова