Синоптиктер Қазақстанда 21, 22 және 23 желтоқсанда ауа райы қандай болатынын болжады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Ауа райы болжамына сәйкес 21 желтоқсаннан бастап Қазақстанның көп бөлігіне солтүстік-батыс циклоны әсер етеді, қар, бұрқасын және жел күтіледі. Елдің батысында 23 желтоқсанда жауын-шашын (жаңбыр, қар) және көктайғақ болуы мүмкін.
21 желтоқсанда Павлодар облысында, 22 желтоқсанда Шығыс Қазақстан облысында қар жауады.
23 желтоқсанға қарай батыс антициклонының әсерінен оңтүстік аймақтарда ауа райы жауын-шашынсыз болады.
"Ауа температурасында күрт өзгерістер болмайды", - деді синоптиктер.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!