- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Алдағы күндерге ауа райы
Демалыс күндері ауа райы қандай болады?
Алдағы күндері атмосфералық фронтальды бөлімдердің әсерінен ауа райы күрт суытады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Атмосфералық фронтальды бөлімдердің әсерінен алдығы үш тәулікте Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы тұрақсыз болады, жауын-шашын қар аралас жаңбыр жауады, тек 2-3 қарашада елдің оңтүстік-шығысында, 3-4 қарашада шығыста ауа райы жауын-шашынсыз болады. Республика бойынша батыс, солтүстік-батыс, оңтүстік өңірлерде тұман, солтүстікте, орталықта екпінді жел, көктайғақ күтіледі.
Республиканың батысында, солтүстік-батысында, солтүстігінде кезеңнің соңына қарай ауа температурасының түнде 0-7 градус аяз, күндіз 2 градус аяз -5 градус жылыға дейін күрт төмендейді, елдің орталығында, шығысында ауа температурасы түнде 0-8 градус жылы, күндіз 8-13 градус жылыға дейін, елдің оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында түнде 3-13, күндіз 15-22 градус жылуға дейін көтерілуі күтіледі.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!
С. Сатыбалдина