Синоптиктер 19, 20, 21 қазанға арналған ауа райы болжамын ұсынды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Атмосфералық фронтал бөліктер әсерінен алдағы үш тәулікте Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы тұрақсыз болады. Жаңбыр мен қар жауады. Тек республиканың шығысында ауа райы негізінен жауын-шашынсыз болады.
"Республика бойынша тұман, жел күшейеді, солтүстік өңірлерде - көктайғақ, оңтүстікте - найзағай күтіледі. Қазақстанның батысында, солтүстік-батысында және солтүстігінде ауа температурасы күндіз 5-13 градусқа дейін, шығыста, оңтүстіктің орталығында 8-18 дейін жылиды, оңтүстік-шығыста 15-22-ге дейін біртіндеп төмендейді", - делінген хабарламада.
Қараша - қыс алдындағы алғашқы ай. Жылы және аязды күндердің жиі өзгеруі, қар аралас жауын-шашын, оңтүстік-батыс, оңтүстік аймақтарда да қар аралас жаңбыр жауады деп болжанып отыр. Қатты жел, бұрқасын, көктайғақ және тұман бір ай бойы күтіледі.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!