Синоптиктер алдағы күндерге арналған ауа райы болжамын жариялады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Таяу күндері Қазақстанның көп бөлігінде циклон әсерінен ауа райы тұрақсыз болады, көптеген өңірде өткінші жаңбыр жауады, еліміздің солтүстік-батысы мен солтүстігінде кейбір уақыттарда қатты жаңбыр жауады, найзағай ойнап, жел күшейеді, күндіз бұршақ жаууы мүмкін.
"Облыстарда термометр бағандары күндіз +27+35 градусқа дейін, ал оңтүстікте +35+42 градусқа дейін көтеріледі", - деп жазылған хабарламада.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!