- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Демалыс күндері ауа...
Демалыс күндері ауа райы қандай болады?
Қазгидромет өкілдері демалыста ауа райы қандай болатынын айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қазгидромет мәліметінше, республиканың басым бөлігі атмосфералық фронтальды бөлімдердің ықпалында болады. Елдің батысында, солтүстігінде және шығысында қар, ал оңтүстік аймақтарда жауын-шашын жаууы күтіледі, оңтүстік, таулы және тау бөктеріндегі аудандарда қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар), тұман және көктайғақ болады.
Жел күшейіп, жауын-шашын болады. Елдің батысында түнде ауа температурасы 7-18, күндіз 3-8 аязға дейін аздап төмендеуі мүмкін. Елдің солтүстік жартысында, орталығында және шығысында температура фоны өзгеріссіз қалады: түнде 15-26, күндіз 5-13 аяз болады.
Оңтүстік аймақтарда түнгі уақытта ауа температурасы аз оң мәндерге жетеді, күндіз 2-10 градус жылы болады.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
С. Сатыбалдина