- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Демалыс күндері ауа...
Демалыс күндері ауа райы қандай болады?
Синоптиктер 24-26 желтоқсанға арналған ауа райы болжамын жариялады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Қазгидрометке сілтеме жасап.
Алдағы үш күнде Қазақстанның басым бөлігі жоғары атмосфералық қысым алқабы ықпалында болады, сондықтан жауын-шашын болмайды. Атлантикалық циклон жырасымен тек еліміздің солтүстік және шығыс өңірлерінде қар, бұрқасын және жел күшейеді, 24 желтоқсанда күндіз республиканың солтүстігінде көктайғақ болады.
Еліміздің оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында тұманды. Ауа температурасы түнде батыста 3-8 аяздан 8-13 аязға дейін, солтүстік, солтүстік-батыс және орталықта 5-13 аяздан 10-25 аязға дейін төмендейді, шығыста 15-23 аяздан 10-18 аязға дейін, оңтүстік және оңтүстік-шығыста 5-25 аяздан 0-15 аязға дейін біртіндеп жоғарылайды.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
С. Бөлек