Қазгидромет мамандары 10-12 қыркүйекке арналған ауа райы болжамын жариялады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Синоптиктердің мәліметінше, Скандинавия түбегі ауданынан Қазақстан аумағына антициклон ауысып, күзде ауа райы суық болуына ықпал етеді.
"Атмосфералық фронтал бөліктер өтуіне байланысты 11-12 қыркүйекте республиканың басым бөлігінде жауын-шашын жаууы мүмкін. Елдің солтүстігінде, шығысында, оңтүстік-шығысындағы таулы аудандарда қатты жаңбыр жауып, жел күшейіп, бұршақ жаууы мүмкін. 10-12 қыркүйекте түнде батыста, 10 қыркүйекте шығыста, 11-12 қыркүйекте солтүстік-батыста, 12 қыркүйекте солтүстікте, сондай-ақ, орталықта 1-3 градус үсік күтіледі", - делінген хабарламада.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!