Қазгидромет 7-9 желтоқсан аралығындағы демалыс күндеріне арналған ауа райы болжамын ұсынды.
Алдағы күндері солтүстік, орталық және шығыс облыстарда Қазақстан территориясы арқылы жылжитын суық атмосфералық фронттардың әсерінен жауын-шашын жауып, тұман және көктайғақ болады.
Фронттардың орнына антициклон келіп, республиканың оңтүстік, содан кейін орталық, шығыс және солтүстік облыстарында жауын-шашын тоқтайды, алайда тұман мен көктайғақ сақталады.
Биіктегі ауа массаларының ағымы батыс бағытынан болғандықтан, ауа температурасы біраз төмендейді. Соған қарамастан күн райы орташа көпжылдық мәннен жоғары күйінде қалады.