Синоптиктер 6-8 қазан күндері елімізде ауа райының қандай болатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қазгидромет өкілдеріне сілтеме жасап. Синоптиктердің мәліметінше, алдағы күндері ауа райы салқындайды. - Қазақстан аумағы арқылы жылжитын суық атмосфералық фронттар алдағы үш тәулікте оның үлкен бөлігінде жаңбырға алып келеді. Алреспубликаның оңтүстік-шығысындағы таулы аймақтарда қар аралас жаңбыр жаууы мүмкін. Фронттардың орнына келетін антициклонмен бірге ауа температурасының төмендеуі күтілуде, - деді Қазгидрометмамандары.