Синоптиктер 29 қыркүйек - 1 қазанға арналған ауа райы болжамын жариялады.Алдағы демалыс күндері жылы болады, - деп хабарлайды Тengrinews.kzтілшісі ҚазгидрометРМК өкілдеріне сілтеме жасап. - Қазақстан аумағының басым бөлігінде демалыс және қыркүйек айының соңғы күндері жауын-шашынсыз болады, ауа температурасы осы кезеңге қалыпты температурадан 2-5 градусқа жоғары болады деп күтіледі. Осындай қолайлы ауа райын антициклон және оңтүстік-батыс тропосфералық ағындары қамтамасыз етеді, - деді мамандар. Метеорологтардың мәліметінше, республиканың шеткі солтүстік және батыс өңірлері атмосфералық фронттардың ықпалында болады, соның әсерінен кей жерлерде жаңбыр жауып, жел күшейеді. Алайда бұл өңірлерде де температура климаттық нормадан жоғары болады.