- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Демалыс күндері ауа...
Демалыс күндері ауа райы қандай болады?
Фото:
tengrinews.kz
Синоптиктер 18-20 тамыз аралығында ауа райы қандай болатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" РМК өкілдеріне сілтеме жасап.
Синоптиктердің мәліметінше, алдағы демалыс күндері күн жылы болады.
- Қазақстанның көптеген облысындағы ауа райына Түрікменстан аймағынан келетін жылы циклон әсер етеді. Сондықтан күн күркіреп, екпінді желмен жылы жаңбыр жаууы мүмкін. Температура солтүстікте, орталықта және шығыста түнде 13-23 градусқа дейін, күндіз 25-35 градусқа дейін жылы болады. Ал оңтүстікте түнде 17-22 градус, күндіз 26-28 градус жылы ауа райы сақталады. Батыста түнде 7-15 градусқа дейін, күндіз 17-25 градусқа дейін жылы болады, - деді "Қазгидромет" мамандары.
Н. Үсенова