Демалыс күні бастығыңыз жұмысқа қатысты хабарласса, заң бойынша оған жауап беруге міндеттісіз бе? Бұл жайлы адвокат Эльнура Кишкенебаева өзінің инстаграм парақшасында айтты,- деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"Демалыс күні бастығыңыз хабарласса, сіз жауап беруге міндеттісіз бе? Егер сіз ешқандай нұсқауға қол қоймасаңыз және басшылықпен 24 сағат ішінде байланысқа шығуға міндетті болмасаңыз, мұндай хабарламаға жауап бермеуге болады. Ал заң бойынша, демалыс күндері қоңыраулар мен смс-терге тікелей тыйым салу, сондай-ақ жұмыс істемейтін күндері жауап беру міндеті қарастырылмаған. Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінің 22-бабына сәйкес, қызметкерлердің демалуға құқығы бар. Жұмыс беруші мен қызметкер арасындағы келісімшартпен нақты танысыңыз. Келіспейтін тұстары болса, заңгер кеңесіне жүгініңіз", - деді адвокат.