Демалыс күні Алматыда орталық көшелерде қозғалыс шектеледі

Демалыс күні Алматыда бірнеше көшеде қозғалыс шектеледі, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

10 тамызда сағат 09:00-ден 11:00-ге дейін мына көшелерде көлік қозғалысы уақытша шектеледі:

  • Абай даңғылы бойымен — Назарбаев даңғылынан Достық даңғылына дейін;
  • Достық даңғылы бойымен — Құрманғазы көшесінен Сәтбаев көшесіне дейін.

Абай Құнанбайұлының ескерткішіне гүл шоқтарын қою рәсіміне байланысты осындай шектеу енгізіледі.

"Іс-шара сағат 10:00-де Республика сарайының алдындағы Абай алаңында басталады. Уақытша өзгерісті ескеріп, жол ережелерін сақтауды сұраймыз", – деді Алматы әкімдігі өкілі.

Еске салайық, Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына орай Алматыда жыл соңына дейін 120-дан аса іс-шара өткізу жоспарланған.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!