Демалыс күні Алматыда бірнеше көшеде қозғалыс шектеледі, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
10 тамызда сағат 09:00-ден 11:00-ге дейін мына көшелерде көлік қозғалысы уақытша шектеледі:
- Абай даңғылы бойымен — Назарбаев даңғылынан Достық даңғылына дейін;
- Достық даңғылы бойымен — Құрманғазы көшесінен Сәтбаев көшесіне дейін.
Абай Құнанбайұлының ескерткішіне гүл шоқтарын қою рәсіміне байланысты осындай шектеу енгізіледі.
"Іс-шара сағат 10:00-де Республика сарайының алдындағы Абай алаңында басталады. Уақытша өзгерісті ескеріп, жол ережелерін сақтауды сұраймыз", – деді Алматы әкімдігі өкілі.
Еске салайық, Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына орай Алматыда жыл соңына дейін 120-дан аса іс-шара өткізу жоспарланған.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова