Болашақ анаға қандай төлем төленеді? Декреттік демалысқа арналған төлем қалай есептеледі? Есептеу формуласы қандай? Massaget.kz тілшісі бұл сұрақтардың жауабын анықтап көрді.
Жұмыс істейтін әйелдерге босануға дейін күтілетін күнге дейін 70 күн және бала туғаннан кейін 56 күн декреттік демалыс беріледі. Егер босану асқынған болса, бір уақытта екі немесе одан да көпбаланың туу жағдайында демалыс қосымша 14 күнтізбелік күнге ұзартылады.
Баланың дүниеге келуіне байланысты демалыстың қандай түрлері бар?
Жүкті әйелдерге, бала туған әйелдерге, жаңа туған баланы асырап алған әйелдерге (еркектерге) баланың дүниеге келуіне байланысты мынадай демалыстар беріледі:
Декреттік демалыс алу үшін не істеу керек?
Декреттік төлем қалай есептеледі?
Бұл төлем кейінгі бір жылдағы орташа айлық табыс мөлшерін (ОАЖ) жұмысқа жарамсыздық күндер коэффициентіне (ЖЖКК) көбейтіп, 10 пайыз міндетті зейнетақылық аударымдарды шегеру арқылы есептелінеді.
(ОАТ×ЖЖКК)-10 пайыз
Мысалы, сіз кейінгі 7 айда 500 мың теңге, қалған 5 айда 600 мың теңге алсаңыз, орташа айлық табыс мөлшеріңіз - 541 667 теңге. Ал Жұмысқа жарамсыздық коэффициенті 126:30=4,2.
Есептеп көрейік:
- (7×500 000)+(5×600 000)=3 500 000;
- 3 500 000÷12=541 667 (1 жылдағы орташа айлық табысы);
- 541 667×4,2=2 275 000 (4,2-жұмысқа жарамсыз күндер коэффиценті);
- 2 275 000-10 пайыз=2 047 501 (10 пайыз - міндетті зейнетақы қорына аударым).
Демек, жылдық орташа айлық 3 миллионнан асса, декреттік төлем 2 047 501 теңге түседі.
Бұл мысалда қалыпты босану жағдайындағы есептеу үлгісі көрсетілген.
Бала күтімі бойынша ай сайынғы әлеуметтік жәрдемақы қалай есептеледі?
"Балалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақылар туралы" Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 28 маусымдағы Заңының 10-бабы 1-тармағының 2) тармақшасына сәйкес жұмыс істемейтін әйелдер үшін бала 1,5 жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақының мөлшері мынадай мөлшерлерде белгіленген:
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!