Декларацияны уақытылы тапсырмағандардың есепшоты бұғатталды

Қазақстанда декларациялау мерзімінің бұзылуына байланысты 68 мыңнан аса салық төлеушінің есепшоты бұғатталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі ҚР Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетіне сілтеме жасап.

Декларация тапсыру мерзімі 2024 жылғы 1 қаңтардан 16 қыркүйекке дейін белгіленді, бұл 8,5 ай болады.

"Жалпыға бірдей декларациялау бойынша декларация тапсыруға міндетті 4,8 миллион адамның ішінен декларацияны ұсынбағаны үшін мемлекеттік кіріс органдары 68,3 мың немесе 1,4 пайыз дара кәсіпкер мен жеке практикамен айналысатын тұлғалардың банктік шоттары бойынша шығыс операцияларын тоқтатты", - делінген хабарламада.

Бүгінде ауытқушылықтарды жойған 17,5 мыңнан аса салық төлеушінің немесе өкімдердің жалпы санының 26 пайыз бойынша - банктік шоттары бойынша бұғаттау шешілгені айтылды. 

Декларацияны уақытылы тапсыра алмаған азаматтар үшін бірінші рет ескерту түрінде әкімшілік жауапкершілік қарастырылған. Заңбұзушылықтар жойылғаннан кейін банктік шоттар бойынша шығыс операциялары бір жұмыс күнінен кешіктірілмей бұғаттан шешіледі.

"Ақпараттық қолдауға қарамастан, кейбір салық төлеушілер белгіленген мерзімде декларация тапсырған жоқ. Мұндай жағдайларда салық органдары заңбұзушылықтарды жою үшін қосымша 30 жұмыс күнін бере отырып, салық заңнамасында белгіленген мерзімде жеке тұлғаларға салық есептілігін ұсынбау туралы хабарлама жібереді. Осылайша, азаматтарға декларация тапсыру үшін 10 ай уақыт берілді".

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!