Қазақстанда 2021 жылдан бастап кезең-кезеңімен жалпыға бірдей декларациялау енгізіліп келе жатыр. Осы кезге дейін екі кезең өткізілді. Биыл - жалпыға бірдей декларациялаудың үшінші кезеңі.
Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің өндірістік емес төлемдер басқармасының басшысы Қанағат Күлембаев өңірлік коммуникациялар қызметінде маңызды сұрақтарға жауап берді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Департамент өкілінің айтуынша, бұл кезеңде декларацияны бизнес өкілдері мен олардың жұбайлары тапсыруға міндеттеледі. Оларға кімдер жатады:
"Декларацияны тапсырған кезде өткен жылдың 31 желтоқсаны бойынша тапсырады. Биыл декларация тапсыратын тұлғалар 2023 жылғы 31 желтоқсандағы мәліметтерді көрсетуге тиісті. Осы уақыттан кейін қандай да бір мүлік сатып алған жағдайда келесі декларацияда көрсетуге болады", - деп жауап берді ведомство өкілі.
Декларацияны бірінші рет тапсырмағаны үшін ескерту қарастырылған, бір жыл ішінде қайталап бұзғаны үшін 55 380 теңге (15 АЕК) мөлшерінде айыппұл салынады.
Декларацияда толық емес, сенімсіз мәліметтерді ұсынғаны үшін:
- жыл ішінде алғаш рет - ескерту.
- бір жыл ішінде қайталап бұзғаны үшін - 11 076 теңге көлемінде айыппұл (3 АЕК).
Салық салу объектілерін жасырғаны үшін:
- жыл ішінде алғаш рет - төленбеген салықтар сомасынан 200 пайыз көлемінде айыппұл.
- бір жыл ішінде қайталап бұзғаны үшін төленбеген салықтар сомасының 300 пайыз мөлшерінде айыппұл.
Қанағат Күлембаев азаматтардан декларацияны уақытылы тапсыруды сұрады, себебі жүйелерге жүктеме түсуі мүмкін екенін мәлімдеді.
Еске салайық, бұған дейін қандай мүліктерді декларациялау керек екені хабарланды.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!