Семейде Дефлимпиада ойындарының қола жүлдегері Ләззат Бақтиярова өмірден озды. Бұл туралы сенбі, 8 шілдеде белгілі болды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Abai News Тelegram-арнасына сілтеме жасап.
Семейлік спортшы дзюдодан түрлі әлемдік турнирлер мен чемпионаттарда Абай облысының абыройын асқақтатты.
Ол Әлем чемпионатының, XXIV Жазғы Дефлимпиада ойындарының және Азия-Тынық мұхиты елдерінің бірінші ойындарының қола жүлдегері болды.
Облыстық спорт басқармасы Ләззат Бақтиярованың туған-туыстары мен жақындарына көңіл айтты.
Бір ай бұрын, 9 маусымда спортшы Семей әкімінің қолынан тұрғын үй қорынан "Қарағайлы" шағынауданындағы жаңа пәтердің кілтін тегін алған болатын.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!