Климаттың өзгеруі мен жаһандық жылыну туралы ғылыми дәлелдермен келіспейтін адамдар жалған ақпарат таратып жатыр. Онда "Дүниежүзілік экономикалық форум климаттық хаосты тоқтату үшін адамдарды өз дәреттерін жеп, зәрді ішуге шақырған" делінген. Алайда бұл - жалған ақпарат, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі stopfake.kz-ке сілтеме жасап.
Дүниежүзілік экономикалық форумның ресми порталында мұндай үндеулер мен жаңалықтар жоқ. 2014 жылы онда Ноттингем университеті география кафедрасының доценті Сара Джуитттің мақаласы жарияланды. Автор адамдардың қалдықтарын қайта пайдаланудың ондаған жолын келтірген. Мақаланы жазуға Ұлыбританияда жаңа автобустардың желіге шығарылуы түрті болған. Қоғамдық көлікте отын ретінде ағынды суларды тазарту кезінде пайда болатын биометан пайдаланылған. Жарияланым авторы қалдықтарды жеуге немесе ішуге емес, қолда бар табиғи әлеуетті ұтымды пайдалануға және жаңартылатын энергетика технологияларын әзірлеуге шақырған.
Климаттың өзгеруімен күресу үшін көптеген елдер ағынды суларды тазарту технологиясын қолданады. Атап айтқанда, АҚШ пен Австралия. Намибияда 1968 жылдан бері ағынды суды ауызсуға айналдыруда. Бұл өте күрделі процесс. Алдымен суды фильтрден өткізеді, содан кейін тұндырып, осмостан өткізеді және химиялық өңдейді. Нәтижесінде, еш қорықпай ішуге болатын су шығады.
ДЭФ-тің климаттың өзгеруімен күресу үшін зәр мен нәжісті тұтынуға шақырғаны туралы жалған ақпарат биыл жазда әлеуметтік желілерде тарала бастады. Бұл фактчекерлердің назардан тыс қалмады. Жалған пікірді Climatefactchecks.org цифрлық платформасы, фейктермен күресетін Srilanka.factcrescendo.com үнді сайты, күн сайын шығатын америкалық USAtoday.com газеті және тағы басқалары жоққа шығарды.
Жоғарыда келтірілген дәлелдерге сүйене отырып, таралған ақпарат жалған деуге болады.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!