ДДҰ: коронавирустық пандемия тек екі жылға ғана созылуы мүмкін

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының бас директоры Тедрос Адханом Гебрейесус коронавирус пандемиясының 1918 жылғы испан тұмауының эпидемиясымен салыстырып, оған қарағанда жағдайдың жақсы болатынына үміт білдірді.

"Қазір әлем барынша тығыз қарым-қатынаста, сондықтан инфекция жұқтыру қаупі басым. Бірақ қазіргі ситуация 1918 жылғы індетке қарағанда жақсы деуге болады, себебі бізде озық технология бар. Біз вирусты шамамен екі жылдан кейін толық жеңеміз деп сенеміз", - деді Гебрейесус.

Worldometer статистика сайтының мәліметінше, қазір әлемде 23 миллион адамнан инфекция анықталған, 802 мыңнан астам адам қайтыс болған. 15,6 миллионнан астам адам жазылып шыққан.