- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- ДДҰ басшысы Қарағандыдағы...
ДДҰ басшысы Қарағандыдағы қайғылы оқиғаға байланысты көңіл айтты
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының бас директоры Тедрос Аданом Гебрейсус Қарағандыдағы көмір шахтасында болған қайғылы оқиғаға байланысты қаза тапқан қазақстандықтардың отбасына көңіл айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Бұл туралы ДДҰ басшысы X әлеуметтік желісінде (бұрынғы Twitter) жазды.
"Бүгін - Қазақстан халқы үшін қайғылы күн. Жақындарынан айырылған отбасыларға шын жүректен көңіл айтамын", - деп жазды Гебрейсус әлеуметтік желіде.
Еске салайық, Қарағанды облысындағы Костенко атындағы шахтада жарылыс болды. Қаза тапқандар саны 36 адамға жетті.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қарағанды облысындағы кеншілердің қазасына байланысты көңіл айтып, "АрселорМиттал Теміртау" компаниясымен ынтымақтастықты тоқтатуды тапсырды.
Кейін үкімет "АрселорМиттал Теміртауды" Қазақстанның пайдасына беру бойынша мәміленің аяқталғанын хабарлады.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!
М. Лұқпан