- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- ДДСҰ ресми түрде...
ДДСҰ ресми түрде үшінші жынысты мойындамақ
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДСҰ) жыныс тек ерлер мен әйелдерден ғана шектелмейді деп гендерлік есепке алу жөніндегі нұсқаулықты жаңартуды жоспарлап отыр, - деп хабарлайды Мassaget.kz.
Бұл туралы ұйымның ресми мәлімдемесінде айтылған.
Құжат авторлары өз шешімін әлеуметтік-қоғамдық салада ғана емес, денсаулық сақтау саласында да қолданатынын мәлімдеген.
Өзгерістер 2011 жылы жарияланған денсаулық сақтау қызметкерлері қолданатын гендерлік ұсыныстарға әсер етеді. ДДСҰ-ның жаңа ұсыныстарында не айтылатыны әлі белгісіз, бірақ агенттік өз сайтындағы өзгерістердің себептерін түсіндірді.
"Негізі, биологиядан бас тарту қате. Биология денсаулық пен ауруды анықтайтын негізгі фактор. Биология негіздерін нақты түсінбеу бірқатар мәселелерге, соның ішінде деректердің бұрмалануына жол ашады", - делінген хабарламада.
Сонымен қатар, Батыс Сидней университетінің акушер маманы, доктор Карлин Гриббл ДДСҰ-ның мәлімдемесі ғылыми емес екенін айтты.
Г. Досымшалова"Үшінші жыныс деген тұжырым алаңдаушылық тудырады. Сайтта басшылық жаңа ғылыми мәліметтер мен денсаулық және даму саласындағы тұжырымдамаларды жаңартқан. Алайда, екіден көп жыныстың бар екендігі туралы жаңа ғылыми дәлелдер жоқ", - деді ол.