ДДСҰ коронавирустың жаңа штамы бойынша белгілерін атады

Солтүстік Америка мен Еуропада таралып жатқан коронавирустың PJ.2.1 штамының белгілері суық тию немесе тұмау симптомдарына ұқсас болуы мүмкін. Бұл туралы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы мәлімдеді.

«Тек белгілерге қарап, инфекцияны нақты қай респираторлық вирус тудырғанын сенімді анықтау мүмкін емес», – деді ұйым өкілдері.

ДДСҰ мәліметінше, аурудың себебін анықтау емдеу тәсіліне немесе қоғамдық денсаулық сақтау саласындағы шешімдерге әсер ететін жағдайда тест тапсыру қажет болуы мүмкін.

«Қазіргі уақытта PJ.2.1 штамы SARS-CoV-2 вирусының басқа айналымдағы нұсқаларынан өзгеше белгілер немесе аурудың ауыр өтуін туғызады деуге дәлел жеткіліксіз», – делінген хабарламада.

Ұйым мамандары PJ.2.1 COVID-19 инфекциясын тудыратын вирустың бір нұсқасы екенін және оны коронавирустан бөлек ауру ретінде қарастыруға болмайтынын атап өтті.

ДДСҰ жаңа штамның әлемде таралу қаупі артып келе жатқанын хабарлап, жағдайды мұқият бақылап отырғанын мәлімдеді.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!