- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- ДДСҰ коронавирус қалай...
ДДСҰ коронавирус қалай пайда болғанын тергеуді тоқтатты
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы коронавирус қалай пайда болғанын тергеудің екінші кезеңін тоқтатты. ДДСҰ эпидемиологы Мария Ван Керховен мұның себебін айтты, - деп хабарлайды "Астана" телеарнасы nature басылымына сілтеме жасап.
Оның айтуынша, ұйым жұмысты кезең-кезеңімен өткізуді жоспарлаған, бірақ бұл жоспар өзгерген. Себебі Қытай билігі деректерді жинауға кедергі келтірген.
Керхове ДДСҰ бас директоры қытайлық шенеуніктермен деректерді бөлісу үшін тікелей жұмыс істеуді жалғастыратынын түсіндірді.
"Ондағы әріптестерімізбен жұмыс істегіміз келеді", - деді ол.
Сондай-ақ, вирустың нақты шығу көзін анықтауға мүмкіндік беретін деректерді жинауға тым көп уақыт кеткені айтылды.
Айта кетейік, әзірге ДДСҰ коронавирус жарғанаттардан аралық жануар арқылы жұғады деген нұсқаны ұстанып отыр.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова