Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының басшысы Тедрос Адханом Гебрейсус Йемен астанасы Санадағы әуежайда Израиль соққысынан өліп кетуі мүмкін еді. Бұл туралы ол X желісінде жазды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДСҰ) бас директоры Тедрос Адханом Гебрейесус Йеменге бірнеше ай бойы хуситтер ұстаған БҰҰ қызметкерлерін босату туралы келіссөздер жүргізу үшін барған. Оның міндеті сондай-ақ елдің денсаулық сақтау жүйесінің жағдайын және жалпы гуманитарлық жағдайды бағалау болды, - деп хабарлады БҰҰ баспасөз қызметі.
Гебрейусустың өзі әуе шабуылы кезінде БҰҰ делегациясымен бірге ұшақта болғанын, оның жанындағы бірнеше ғимаратқа зақым келгенін жазған.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы басшысының Йемен астанасынан қашан ұшатыны белгісіз. Ол әлеуметтік желіде әуелі әуежай инфрақұрылымы жөнделгенше күту керек екенін жазды.
Ол сондай-ақ шабуыл кезінде қаза тапқандардың отбасына көңіл айтты.
Еске салайық, ДДСҰ басшысы қазақтың белгілі айтыскері Жүрсін Ерманмен туыс. Ерманның немересі Тедрос Адханом Гебрейсустың ұлына үйленген. Ерлі-зайыптының екі баласы бар.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!