Әлеуметтік желілерде қазақстандықтар ДДСҰ бас директоры Тедрос Гебрейесус COVID-19-ға қарсы вакцинаның бірде-бір дозасын алмаған деп жазып жатыр. Бұл туралы ол сұхбаттарының бірінде айтқан екен. Stopfake.kz мәліметінше, бұл - жалған ақпарат, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Дүниежүзілік Денсаулық сақтау ұйымының басшысы вакцинациядан бас тартқанының дәлелі ретінде пайдаланушылар видео сұхбаттан үзіндіні келтіріп отыр, онда Тедрос Гебрейесус COVID-19 қарсы вакцинаның алғашқы дозасын әлі алмағанын айтады.
Бұл 2021 жылғы "Пандемияны қалай еңсеру керек" деп аталатын деректі фильмінің үзіндісі. Оның түсірілімі 2020 жылы басталып, 2021 жылдың басында аяқталды. Ол кезде COVID-19 қарсы вакциналар нарыққа енді ғана шығарылып жатты, оны негізінен денсаулық сақтау жүйесінде жұмыс істейтін адамдар немесе ең осал санаттарға жататындар – қарттар немесе созылмалы аурулармен ауыратындар ғана ала алды.
Сонымен қатар, әлемдік қоғамдастықтың алдында вакцинаны бүкіл әлемге, оның ішінде кедей елдерге біркелкі тарату секілді жаһандық міндет тұрды.
Сондықтан Тедрос Гебрейесустен екпе алдыңыз ба деп сұрағанда, ол африкалықтарды COVID-19 қарсы егуді бастамайынша, вакцинациялауды кейінге қалдыруды шештім деп жауап берген.
2021 жылдың 12 мамырында бұқаралық ақпарат құралдарында Тедрос Гебрейесустың КВИ-ге қарсы егілгені туралы хабарланды. Ол өзінің X-тегі (бұрынғы Twitter) аккаунтында вакцинация пунктіндегі суретін жариялаған.
Олай болса, ДДСҰ бас директорының екпеден бас тартқаны туралы ақпарат - фейк. Ол таралған видео түсірілгеннен кейін COVID-19-ға қарсы егілген.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!