- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- ДДСҰ бас директоры...
ДДСҰ бас директоры қамауға алынды - фейк
Фото:
©REUTERS
Қазақстандықтар Telegram-да Интерпол ДДСҰ бас директоры Тедрос Гебрейесусты "адамзатқа қарсы қылмыс пен геноцид жасады" деген айыппен тұтқындағаны туралы жаңалық тарап жатыр, - деп хабарлайды Stopfake.kz.
Басылым мәліметінше, мұндай жағдай болмаған. Бұл - фейк.
Бұл жаңалықтың дереккөзі - ағылшын тіліндегі Vancouver Times порталы. Жазбада Гебреисус қомақты қаржы мен қымбат зергерлік бұйымдар алып, Африкаға қашып кетпек болғаны туралы жазылған. Сондай-ақ, мәтінде жақын арада Клаус Шваб пен Билл Гейтске де геноцид айыбы тағылады делінген. Мұның бәрі - жалған.
Vancouver Times порталының "Біз туралы" бөлімінде "Батыс жағалаудағы сатираның ең сенімді көзі" деп жазылған. Демек, бұл жаңалықты шын деп қабылдамау керек.
Ж. Қадыржанова