Желіде доктор Рима Лейбоудың баяндамасынан алынған тезистер тарап жатыр. Оның айтуынша, ДДСҰ болашақта адамдарды күштеп егетін 500 жаңа вакцина әзірлеуді жоспарлап отыр, - деп хабарлайды Stopfake.kz.
Желіде ол туралы алғашқы ақпарат 2009 жылы шыққан, ол әйгілі конспиролог Алекс Джонспен бірге пандемия "болжанған" видеоға түскен. Фактчекерлер оны жоққа шығарып, Джонс пен Лейбоу COVID-19 пайда болуын болжамай, сол кезде тараған қастандық теорияларын айтып берген деп хабарлады.
Сондай-ақ, доктор Рима Лейбоу вакциналар аутизмді тудырады деген теріске шығарылған және ғылымға қарсы теорияны ұстанды. Оның бұл теорияны "дәлелдеген" жалғыз зерттеуі жалған болып, кері қайтарылғанына қарамастан, осы тақырыпта кітап та жазған.
Яғни, доктор Лейбоу біржақты пікір айтқан және дәлелді ғылымды елемей, қастандық теорияларына сенуге бейім. Демек, оның сөздеріне сенбеген жөн.
ДДСҰ келешекте 500 жаңа вакцина әзірлейді деген идеяны ол ойлап тапқан жоқ, бірақ ұйымның ресми сайтында берілген ақпаратты қате түсінген.
Онда 2030 жылға қарай иммундау саласындағы күн тәртібінде қол жеткізу жоспарланған мақсаттардың бірі "COVID-19, ротавирус немесе адам папиллома вирусына (HPV) қарсы вакциналар сияқты жаңа немесе аса пайдаланылмайтын вакциналарды 500 ұлттық немесе субұлттық енгізуді аяқтау" делінген. Бұл 500 жаңа вакцина әзірленеді деген емес, ұлттық егу күнтізбелерінде бұрын болмағандарды енгізу деген.
Лейбоудың барлық ауруға қарсы бір "супер вакцина" ойлап табу туралы сөзіне келсек, әзірге бұл мүмкін емес. Ғалымдар SARS-CoV-2 вирусының барлық нұсқасы мен мутациясына қарсы бір вакцина жасауға тырысып жатыр, бірақ ол басқа вирустардан қорғамайды.
Сондай-ақ, бірнеше аурудан бірден қорғайтын поливакциналар бар. Мысалы, көкжөтел, дифтерия және сіреспе компоненттері бар АКДС екпесі.
Алайда барлық аурудан бірден қорғай алатын вакцина жасау жоспарда да жоқ. Яғни, бұл тезис дәлелсіз.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!