Әлеуметтік желіде Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы пандемия аяқталғаннан кейін COVID-19 қарсы вакциналар денсаулыққа қауіпті екенін анықтады деген ақпарат тарады. Бұл - жалған ақпарат, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Stopfake.kz-ке сілтеме жасап.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы 2023 жылғы 5 мамырда COVID-19 халықаралық денсаулық сақтау саласында бұдан былай қауіп төндірмейтінін мәлімдеді.
Алайда бұл мәлімдемеде аурудың ешқайда кетпегені және оны жұқтыру жағдайлары әлем бойынша әлі де тіркеліп жатқаны жазылған. Мәтінде бұл вируспен күресу үшін вакциналарды зерттеуге және жетілдіруге де қаражат бөлу қажет делінген. Олардың қауіпті екені туралы мәлімдемеде ештеңе айтылмаған.
ДДСҰ-ның COVID-19 қарсы вакцинация бойынша ұсыныстары кейінгі рет 2023 жылғы 2 мамырда жаңартылған. Онда COVID-19 қарсы вакциналар қауіпті деп жазылмаған.
Пандемия аяқталған соң ДДСҰ екпелерді зиянды деп танығаны туралы беделді БАҚ-та жазылған жоқ.
Демек таралған ақпарат жалған.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!