Танымал продюсер Гүлзира Айдарбекова шаңырақтарына жаңа келін түсетінін растады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Продюсер әлеуметтік желіде базарда тойға керек заттар алып, дайындалып жүрген сәтін жариялады.
"Жаңа келінге барлығын жаңадан алып, дайындалып жатырмыз. Жіңішке ғана келінге орташа оқтау алдық. Тойдың болғанынан боладысы қызық. Дайындық басталды", - деп жазды Гүлзира Айдарбекова.
Еске салайық, бұған дейін Нұртас Айдарбеков ұлы Заңғар екінші рет үйленетінін айтқаны хабарланған еді.
Тағы да оқи отырыңыздар: Аяқ киімдегі жағымсыз иісті қалай кетіруге болады?
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!