Қазақстандық әнші Асан Пердеш ұлды болды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Әнші қуанышты жаңалығын әлеуметтік желідегі парақшасында жариялады.
Айта кетейік, өмірге келген сәби - Асан Пердештің үшінші баласы.
"Аллаға шүкір, үшіншіміз. Ұлдың атын Бақыт деп қойдық. Барша келген қонақтарға, достарға үлкен алғыс айтамын. Табанасты шығамын деп қалды, ештемеге дайындалып үлгермедік, көп достарыма айтып үлгермедім, ренжімеңіздер. Бұның бәрі бір Алланың қалауы. Елдің батасы, ата-анамыздың дұғасы деп білемін... Сіздердің де отбасыларыңызға осындай Абадан бұйырсын", - деп жазды ол баласын перзентханадан шығарып алып жатқан сәтін бөлісіп.
Еске салайық, "Қара қызым", "Сені ұмытамын", "Сені ғана" хит әндерінің орындаушысы Асан Пердеш кейінгі кездері көп көзіне түспей, шығармашылықтан алыстап кеткен еді. Ал оның өзінен 15 жас кіші әйелі үй шаруасында екенін айтқан болатын.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!