Кез келген дайын тағамды бөлме температурасында 2 сағаттан артық сақтауға болмайды. Бұл тағамның ермиялық өңдеуден өткеніне (қуыру, қайнату, пісіру) немесе өтпегеніне қарамайды. Бұл туралы медицина ғылымдарының докторы Светлана Шевелева айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі kp.ru сілтеме жасап.
"Біз өнімдерді қайнатқаннан/пісіргеннен кейін, аман қалған микроағзалар жылу соққысында болады. Содан кейін лаг-фазасы, тірі қалған микробтар көбейе бастағанға дейінгі уақыт аралығы басталады. Әдетте, лаг-фаза кезеңі 3-8 сағатқа созылады. Сондықтан жаңа дайындалған тағамға 2 сағат ішінде ешнәрсе болмайтынына сенімді бола аласыз", - деді маман.
Дегенмен егер сіз тамақты бір аптаға дайындайтын болсаңыз, 2 сағаттық ереже жұмыс істемейді. Маман мұндай жағдайда борщ немесе бұқтырма сияқты дайын тағамдарды тезірек салқындату үшін бөлек ыдыстарға бөлуге кеңес берді. Тағамды тоңазытқышқа 30-40 минуттан кейін қоюға болады.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз